locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Алексий Щебетун маусым соңына дейін командасына көмектесе алмайды

Фото: Кызылжар

Алексий Щебетун “Ордабасыға” қарсы кездесуде, ойынның басында ауыр жарақат алды. Тіпті, шабуылшы алаңнан аяғын басып кете алмады. “Қызылжар" клубының дәрігерінің айтуынша, алдыңғы “крест тәрізді байламның үзілу” жарақаты тіркелген.

Украиналық шабуылшы жарты жыл алаңға шыға алмайды. Жақын арада Астана қаласында футболшыға ота жасалады. Алексий, петропавлдық команда сапында осы маусымда 20 ойын өткізіп, 3 голмен көзге түсті. Енді маусымның соңғы ойындарында алаңда Алексейдің орнын, қосалқы шабуылшы Сенин Себай басады.