Александр Соболев Dota 2 ойынын белсенді ойнауды тоқтатты
“Зенит” шабуылшысы Александр Соболев Dota 2 ойынын белсенді ойнауды тоқтатты. Бұл туралы Mash телеграм арнасы хабарлайды.
Дереккөздің мәліметінше, оған клуб басшылығы әсер еткен. Санкт-Петербургтік клубта футболшыдан тәртіпке мұқият болуды, жанжалдардан аулақ болуын талап еткен.
Тамыз айында Александр Соболевтің екі апта ішінде Dota 2 компьютерлік ойынында 24 сағат ойнағаны туралы ақпарат шықты. Ол ойын ішіндегі заттарға 512 мың рубль жұмсаған. Сондай-ақ шабуылшы CS 2 ойынын да ойнап, матчтардың жартысында жеңіліп, 77 мың рубль жұмсаған.
Тамыз айының басында Александр Соболевтің “Спартакпен” жаттығудан шеттетілген кезде компьютерлік ойындарға қызығушылығы туралы ақпарат тараған болатын.
Соболев осы трансферлік терезеде Мәскеулік “Спартактан”, Петербургтік клубқа ауысқан еді.
Бұған дейін Александр Головин, Соболевтің “Зенитке” ауысқаннан кейін компьютерде ойнауға көп уақыты жоқ екенін айтқан болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52