Александр Шин мансабын аяқтады
Өскемен “Торпедо” мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Александр Шин ойын мансабын аяқтады, деп хабарлайды Shaiba.kz. Шығыс Қазақстан клубының көшбасшысы жасөспірімдер мен жастар және студенттер құрамалары үшін өнер көрсеткен. IIHF ресми кездесулерде ересектер құрамасы үшін 28 матч өткізді, жалпы 11 ұпай жинады. Мансабының негізгі бөлігін, атап айтқанда 17 маусымда ЖХЛ-дағы туған клубында, сондай-ақ әр уақытта ҚХЛ-дағы “Барыс”, “Барыс-2” және қарағандылық “Сарыарқада” өнер көрсетті.
Ол “Торпедода” жаттықтырушы ретінде жұмысын жалғастырады. Қазақстандық хоккейші, Өскемен хоккейінің аңызы қоштасу ойынын 10 қазан күні сағат 18:00-де Pro Ligasy “Торпедо" – "Алматы” матчының алдында өткізеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52