Александр Серлот Қазақстанмен алдағы ойын туралы айтты
Норвегия құрамасы мен мадридтік "Атлетико" командасының шабуылшысы Александр Серлот УЕФА Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Қазақстанға қарсы матч туралы жігерленіп айтты.
"Біз ойынның жоғары қарқынын сақтауымыз керек. Алматыда жақсы ойын өткіздік деп ойлаймын. Бізге Қазақстанда ойнау қиын болды. Біз үй ойындарын жақсы өткіземіз, сондықтан гол соғып, үш ұпай жинаймыз деп үміттенемін", - деді шабуылшы
Естеріңізге сала кетейік, Норвегия мен Қазақстан арасындағы Ұлттар лигасының алтыншы туры 17 қарашада Ослода өтіп, Астана уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады. Қыркүйек айында командалар арасындағы алғашқы матч Алматыда нөлдік тең аяқталды.
"Дөрекіліктің иісі сезіледі". Бұрынғы Попов командасының ойыншысы Черчесовтың жұмысын бағалады
Футбол
Бүгін 13:51
Теннис
Бүгін 13:04