locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Александр Седнев Ордабасы бас бапкері қызметінен кетті

Александр Седнев Ордабасы бас бапкері қызметінен кетті

Александр Седнев «Ордабасы» бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.«Ордабасы» Конференция Лигасының плей-офф кезеңіне шыға алмағанына байланысты және соңғы уақытта жұмысы сынға алынған беларус маманы Александр Седнев отставкаға кетті.

«Пюникті» жеңісімен құттықтаймын. Алаңда барын салған ойыншыларыма алғыс айтқым келеді. Өкінішке қарай, біз жаңа маусымның басында алдымызға қойылған міндеттердің бірін орындаған жоқпыз. Мен басшылыққа және ойыншыларға клубтан кететінімді айттым. Командаға жаңа дем қажет. Бұл шешім матчқа дейін қабылданды. Кеше мен айтқандай, мені әр апта сайын жұмыстан шығарады, бұл жолы мен басшылықтың алдын орап кеттім.

Александр Седнев 2021 жылдан бастап шымкенттік ұжымды жаттықтырды. Беларус маманы «Ордабасы» тарихында алғашқы ел чемпионатын жеңіп алуға көмектесті және Қазақстан Кубогының иегері атанды.