Александр ЧЕФЕРИН: “Ең көп жалақы алатын ойыншылар шағымданады”
UEFA президенті Александр Чеферин еуропалық футболдағы тығыз ойын кестесіне қатысты кейбір ойыншылар мен бапкерлердің наразылығын жауап берді.
- “Ойын кестесінің тығыз екенін мойындауымыз керек. Бірақ мен бір нәрсені атап өткім келеді: оған кімдер шағымдануда? Ең жоғары жалақы алатындар мен құрамында 25 үздік ойыншысы бар клубтар. Жалақысы төмен және құрамында тек 11 ойыншысы бар командалар бұл жайлы шағымданбайды. Олар алаңға шығуды жақсы көреді”, - деді Чеферин.
Бұған дейін 2024/25 маусымында ойындар санының тым көп болуына байланысты көптеген футболшылар өз наразылықтарын білдірген еді.
-“Ойын кестесінің шектен тыс тығыздығын мойындауымыз керек. Шектеу шегіне жетті. Дегенмен, клубтар мен ойыншылар бұл жағдайға әртүрлі көзқараспен қарайды. Кейбіреулер шамадан тыс жүктемені сезінеді, ал басқаларының бос уақыттары бар”, - деп қосты Чеферин.
Топ чемпионаттарында сәтті өнер көрсететін командалар ағымдағы маусымда 60-70 ойын өткізуі мүмкін.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20