locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қалай ыңғайлы болатынын көрейік: Черчесов – Қазақстанның Норвегиямен өтетін алдағы матчы туралы

Қалай ыңғайлы болатынын көрейік: Черчесов – Қазақстанның Норвегиямен өтетін алдағы матчы туралы

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов өз құрамасының келесі қарсыласы, атап айтқанда Норвегия туралы айтты.
"Қарсылас туралы бәрі белгілі, біз оларды білеміз. Жақсы ойыншылары бар жақсы команда. Мен қарсылас туралы аз сөйлеуге және ойлануға тырысамын, себебі ең бастысы – біздің команданың дайындығында. Қарсылас кез-келген нәрсе жасауы мүмкін, бірақ біз нақта не істеуіміз керек екенін білуіміз керек. Біз бірнеше нұсқаны тексердік, жігіттермен сөйлестік".

Бапкердің айтуынша, қазақстандық құрама үшін жанкүйерлердің қолдауы маңызды болады:
"Бізге не ыңғайлы болатынын көрейік. Футболшылар алаңда өз тапсырмаларын орындайды. Біз не істесек дұрыс болатынын таңдауымыз керек. Сонымен қатар, біз жанкүйерлерді күтеміз, қолдау әрқашан қажет, ал үйдегі матчтарда — одан да көбірек қажет",-деді Черчесов ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Қазақстан мен Норвегия алтыншы қыркүйекте Ұлттар Лигасы аясында Алматыда матч өткізеді.
Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасы қақпашыларының жаттықтырушысы Гинтарас Стауче норвегиялықтарға қарсы матчқа дайындық барысы туралы айтып берді.