locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

ALAÑ жобасы аясында тағы бір жаңа алаң қолданысқа берілді

Футбол 06 қара 2024 01:34
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ALAÑ жобасы аясында тағы бір жаңа алаң қолданысқа берілді
ФОТО: ҚФФ

Кезекті ауқымды жұмыс Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионында жүргізілді. Бүгін “Қайсар” футбол орталығының тәрбиеленушілері жаттығатын жерде қосалқы алаңның салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады QFL.

“Бұқаралық футболға арналған алаңдарды әр қалада салып жатырмыз және Қызылордаға келгенімізге қуаныштымыз. Бұл қасиетті жер қазақ футболына талай талантты футболшыларды берді. Әлі де әлемді таңғалдыратын жұлдыздар шығады деп сенеміз. Футбол ойнаймын деген балаларға жағдай жасау біздің міндетіміз. Барлықтарынызды футбол мерекесімен құттықтаймын!”, - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Футбол алаңдарын реновациялау аясындағы ҚФФ-ның ALAÑ жобасы 2023 жылы басталған болатын. Бұқаралық спортты дамытуға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан футбол федерациясы елімізде футбол алаңдарын қайта жаңартатын ALAÑ бағдарламасын енгізді. Үш жылға арналған бағдарлама УЕФА-ның қолдауымен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, жалпы ALAÑ жобасы бойынша 2023-2025 жылдары 20 футбол алаңын жаңарту жоспарлаған. Бұған дейін Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Петропавл, Өскемен, Аягөз, Ақсу, Балқаш, Жезқазған қалалалары мен Жетісу облысындағы алаңдар қолданысқа берілген болатын.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie