Акис Вавалис: “Менің “Жеңістен” кетіп жатқаныма қатысты ақпарат - жалған”
“Жеңіс” командасының бас бапкері Акис Вавалис астаналық клубпен ынтымақтастықты жалғастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды Legalbet.kz.
- “Менің “Жеңістен” кетіп жатқаныма қатысты ақпарат жалған. Менің келісімшартым аяқталып жатыр, бұл рас. Бірақ біз жаңа келісімшартты талқылап жатырмыз. Басқа қазақстандық клубтардан ұсыныстар бар ма? Басқа клубтардан қызуғушылық бары рас, бірақ қазіргі уақытта ресми ұсыныстар жоқ”.
Акис Вавалис жаттықтырушылық қызметін 2011 жылы Грекия Суперлигасындағы “Пансерраикос” футбол клубында бас бапкердің көмекшісі ретінде бастады. Ол өзінің мансабында Грекияның Суперлига командаларында әртүрлі қызметтер атқарды, сондай-ақ Швецияның “Васалундс” және Болгарияның “Крумовград” клубтарының бас бапкері болған.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52