Қайсардың Түркиядағы жолдастық кездесуі жоспардан алынды


Түрікменстан клубтарына шетелде оқу-жаттығу жиындарын өткізуге тыйым салынды. “Түрікменстан хроникасы” басылымының мәліметінше, ел билігі жергілікті футбол клубтарына шетелде оқу-жаттығу жиындарына (ОЖЖ) қатысуға шектеу енгізді.
Бастапқыда командалар дайындық аясында жолдастық кездесулер өткізуді жоспарлаған еді. Алайда қаңтардың ортасында Түрікменстан клубтарының бірі басшылығы шетелдегі жиындарға қатысуға тыйым салынғанын хабарлады. Атап айтқанда, “Аркадаг” Түркиядағы жиын барысында қазақстандық “Қайсармен” кездесу өткізуі тиіс болған, алайда бұл ойын болмайды. Айта кетейік, Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымының алғашқы туры 1-2 наурыз күндері басталады.
Еске сала кетейік, өткен матчта “Қайсар” “Мурас Юнайтед” командасына пенальтиден соғылған голдың кесірінен жеңіліп қалды.

Футбол
Бүгін 14:46
