Қайсардың ойыншыларсыз қалу қаупі бар. Себебі белгілі
"Қайсар" клубы футболшылардың басым көпшілігінсіз қалуы мүмкін.
"Тотальный футбол KZ" телеграм-арнасы Қызылорда клубының ойыншылары 2024 жылғы маусымда әлі күнге дейін айлық алмағанын мәлімдейді.
"Басшылық жыл соңына дейін ойыншылардың барлық қарыздарын өтеуге уәде береді. Алайда, Қызылорда облысының әкімі команданы ұстауға қосымша қаражат бөлгісі келмейтінін мәлімдеді", - деп хабарлады дереккөз.
Инсайдер төлемдердің болмауы ойыншылардың командадан кете бастайтынына сенімді.
Өздеріңіз білетіндей, "Қайсар" 2024 маусымды Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 24 ойында 34 ұпай жинаа 8-ші орында аяқтады.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының басшысы лауазымына барлық кандидаттардың бекітілгені хабарланған болатын.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13