locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайсар-Астана матчына төрешілер анықталды

Фото: КФФ

Қазақстан футбол федерациясы ресми сайтта "Қайсар"-"Астана" Қазақстан Премьер-лигасының 15 – ші тур аясында өтетін матчқа төрешілердің есімдерін жариялады.

Төрешілер: Өскеменнен Александр Затула, Данияр Серікболов және Ринат Якбаров болады. Соңғы екеуі Семей өкілдері.

VAR төрешіс-Сәкен Байымбет, AVAR төрешісі-Дмитрий Филоненко. Резервтік төреші болып Нұржан Жұмашев тағайындалды. Инспектор-Александр Борисов.

"Қайсар" – "Астана" матчы 18 қыркүйекте өтеді. Бастапқы ысқырық елорда уақыты бойынша сағат 19:00-де естіледі.

"Қайсар" қазіргі уақытта КПЛ турнирлік кестесінде 18 матчта 25 ұпай жинап, бесінші орында тұр. "Астанада" 15 жекпе-жекте 24 ұпай жинады. Елордалық клуб кестеде жетінші орында.