Қайсар ойыншылары үш ай бойы жалақы алмаған
"Қайсар" футболшылары ҚПЛ-дың 24-ші турының матчына түркістандық "Тұранға" қарсы бойкот жариялауды ұйғарды, өйткені бірнеше айдан бері клуб оларға жалақы төлемей келеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда клубының футболшылары басшылыққа наразылықтарын білдіріп, Премьер-лиганың 23-ші турына "Шахтерге" (Қарағанды) қарсы 15 минутқа кешігіп шықты. Бұл ретте матч "Қайсардың" пайдасына 5:1 есебімен аяқталды.
"Біздің жауапкершілігіміз келісімшартта көрсетілген. Яғни, біздің міндетіміз – футбол ойнау. Қазір біз өз міндеттемелерімізді кәсіби түрде орындаймыз. Бірақ басшылықтың өзі келісім шарттарын орындай алмайды. Жалақы мәселесін тезірек шешуді сұраймыз", - деді қақпашы Степан Сикач.
Айта кетейік, "Қайсар" мемлекет есебінен қаржыландырылады.
"Осы маусымға бөлінген қаражат толығымен игерілді. Жауапты серіктестік өзінің қаржысын, кірісі мен шығысын өзі үйлестіреді. Сондықтан олар бізге нақты есептер мен ұсыныстар береді. Осының негізінде біз заңнамаға сәйкес шешім қабылдаймыз", - деді Қызылорда облысы дене шынықтыру басқармасы басшысының м.а. Жұлдызхан Ерқосаев.
Шенеунік аймақтық клубтың проблемасы жақын арада шешіледі деп уәде берді.
Бұған дейін ФИФА жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасының орны белгілі болды.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52