Қайсар легионерлері Қызылжарға қарсы ойынға шықпауы мүмкін
2 қараша күні Петропавлда өтетін “Қызылжар” және “Қайсар” командалары арасындағы ойынғы қызылордалық клубтың легионерлері шықпауы мүмкін, деп хабарлады журналист Ермұхаммед Мәулен Telegram-каналында.
3 ай бойы жалақысыз жүрген “Қайсар” командасының легионерлері ойынға шықпаймыз деп байкот жариялаған көрінеді. Қызылордалық команданың ойыншылары “Тұранмен” матч алдында да алаңға 15 минутқа кешігіп шыққан еді. Не себепті жалақы төленбей жүргені жайлы Қызылорда облысының дене шынықтыру басқармасының басшысы міндетін атқарушы Жұлдызхан Ерқосаев айтты.
“Биылғы маусымға бөлінген қаражат толығымен игерілді. Жауапты серіктестік өз қаржысын, кірістерін және шығыстарын өздері үйлестіреді. Сондықтан олар бізге нақты есептер мен ұсыныстар береді. Осыған сүйене отырып, біз заңнамаға сәйкес шешімдер қабылдайтын боламыз”, – деп мәлімдеді
Қазіргі уақытта, “Қайсар” турнирлік кестеде 8-ші орында тұр. “Тұранға” қарсы соңғы ойында, қызылордалық команда сырт алаңда жеңіске жеткен еді.
ММА
Бүгін 14:44