locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайсар - Астана арасында өтетін ҚПЛ матчының күні белгіленді

Қайсар - Астана арасында өтетін ҚПЛ матчының күні белгіленді

MetaRating.kz хабарлауынша, қызлордалық "Қайсар" мен "Астана" арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының 15-турында кейінге шегерілген матчтың өтетін күні анықталды.

Хабарланғандай, матч 18 қыркүйек, сәрсенбі күні өтеді. "Қайсар" - "Астана" кездесуі жергілікті уақыты бойынша сағат 19:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл матч бастапқыда 28 шілдеде өтуі керек еді, бірақ "Астана" клубының 2024/25 маусымдағы Конференциялар лигасының іріктеуіне қатысуына байланысты кейінге қалдырылды.

Қазақстан Премьер-лигасының тағы бір 15-тур матчы түркістандық "Тұран" мен қостанайлық "Тобыл" командалары арасында 23 қазан, сәрсенбі күні өтеді.