locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Қайраттың бұрынғы ойыншысы Анатолий Тимощук CAS арқылы өз құқықтарын қалпына келтірді

Қайраттың бұрынғы ойыншысы Анатолий Тимощук CAS арқылы өз құқықтарын қалпына келтірді
ФОТО: Getty images

Спорттық арбитраждық сот (CAS) Анатолий Тимощуктың Украинаның футбол қауымдастығының оны бапкерлік лицензиясынан және барлық жетістіктерінен айыру туралы шешіміне қарсы шағымын қанағаттандырды.

2022 жылдың наурызында Украинаның бақылау-тәртіптік комитеті Тимощукты PRO санатындағы бапкерлік лицензиясынан айырып, оның Украинадағы барлық жетістіктерін тартып алған болатын.

Донецк “Шахтері” сапында Тимощук үш мәрте Украина чемпионы атанып, ел Кубогын жеңіп алған және бір рет Суперкубок иегері болған. Сондай-ақ оны үш рет Украинаның үздік футболшысы деп таныды. Ол Украинаның Еңбек сіңірген спорт шебері, III дәрежелі “Ерлігі үшін” орденінің кавалері және дене шынықтыру мен спорттың құрметті қызметкері атақтарына ие.

Айта кетсек, Тимощук 2015 жылдың жазынан бастап “Қайрат” командасының сапында ойнап, Қазақстан Премьер-лигасында 34 матч өткізген (бір гол, екі нәтижелі пас), бес ойынды Кубокта және он ойынды Еуропа лигасында өткізген. Алматылық клубпен бірге ол 2015 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алып, екі мәрте чемпионаттың күміс жүлдегері атанды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie