"Қайраттың" бас бапкері өз командасын сынға алды
Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турының матчы тең аяқталды.
"Қайрат" - "Тобыл" арасындағы ойын 2:2 есебімен тең нәтижеде аяқталды. Алматылықтар төреші ойынға қосқан қосымша алты минуттағы Ульшин голының арқасында жеңілістен аман қалды, ал "Тобыл" ойыншылары жеңісті жіберіп алғанына сене алмайды.
"Қайраттың" бас бапкері Александр Кержаков ойыннан кейін түсініктеме берді:
"Ойын мазмұны бойынша маған онша ұнамады. Біз ойлағанымыздай дұрыс ойнаған жоқпыз. Допқа талас барысында және допсыз ойындар да нашар ойнадық…Егер, біз бүгінгідей ойнауды жалғастыра берсек, онда біз алға қойған мақсатқа жете алмаймыз. Бізге маңызды қорытынды жасау қажет және келесі матчқа дайындалуымыз керек”.
Енді "Қайратта” 31 ұпаймен турнирлік кесте де бірінші орында тұр, бірақ “Ордабасы” - “Ақтөбе" матчы арасындағы ойын нәтижесі әлі тіркелмеді. 25 ұпаймен “Тобыл”Қазақстан чемпионаты үшін күресуге жақсы мүмкіндігі бар. Командалардың келесң ойыны халықаралық үзілістен кейін болады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52