Қайраттың 36 жастағы Жоао Пауломен келісімшартын ұзартудың себебі белгілі
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев алматылық "Қайраттың" 36 жастағы бразилиялық шабуылшы Жоао Пауломен келісімшартты ұзарту туралы пікірімен бөлісті.
"Бұл ойыншы нәтиже береді, гол соғады. Аяқталған маусымда ол өз командасы соққан голының төрттен бірінен астамын соқты және "Қайрат" чемпиондығына үлкен үлес қосты. Жоао Пауло және "Ордабасыда да" өте жақсы көрінді. Бразилиялықтың жасына қарамастан, онымен келісімшартқа отыру – Алматы клубы үшін сәтті келісім. Ол жанкүйерлерін голдарымен қуантатынына сенімдімін, халықаралық аренада де", - деді Евтеев Sports.kz берген сұхбатында
Келісім 2025 жылдың соңына дейін бір жылға есептелетіні атап өтілді.
Бразилиялық Алматы клубында 2021 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол қайтадан "Қайраттың" үздік бомбардирі атанды, сондай-ақ Қазақстан Премьер-Лигасының үздік сұрмергені атағын бөлісті.
2024 жылғы маусымдағы Жоао статистикасы барлық турнирлерде: 31 матч, 14 гол, 4 ассист.
ММА
Бүгін 14:44
Теннис
Бүгін 12:09