«Қайратқа» өтуден бас тартқан футболшы поп-ММА-да дебют жасауға дайын


Ресей құрамасының және Тольяттилік «Акрон» клубының шабуылшысы Артем Дзюба аралас жекпе-жекте бағын сынағысы келетінін мәлімдеді. Футболшының айтуынша, оған поп-ММА ұсынысымен бірнеше рет хабарласқан.
«Маған қазірдің өзінде жиі хабарласты, соның ішінде поп-ММА бойынша да. Әзірге мен футболға толықтай көңіл бөліп жүрмін. Тағы бір жыл ойнағым келеді. Бірақ жалпы алғанда, мен рингке шығуға қарсы емеспін. Александр Волковтың бапкері Тарас Кияшко маған үш-төрт айлық дайындық жеткілікті екенін айтты – сосын кез келген әуесқойды немесе соған жақын қарсыласты жеңуге дайын боламын», – деді Дзюба Sport24 порталына берген сұхбатында.
Еске салайық, бұған дейін алматылық «Қайрат» клубының басшысы Қайрат Боранбаев Артем Дзюбаны командаға шақырған. Алайда футболшы ұсынысты қабылдамай, «Акронда» қалуды жөн көрген.


Футбол
Бүгін 13:52