locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайрат пен Зенит арасындағы жолдастық кездесуде жеті гол соғылды

Қайрат пен Зенит арасындағы жолдастық кездесуде жеті гол соғылды

8 қыркүйекте Алматыда жергілікті “Қайрат” пен петербургтік “Зенит”арасындағы жолдастық кездесу өтті.


Қонақтар алғашқы таймда Александр Ерохиннің голының арқасында, үзіліске жеңіспен кетті. Екінші таймда қарсыластар бір-бірінің қақпасына 3 голдан соқты. “Зенит” сапында Матео Кассьера гол соқса, Лучиано Гонду дубль жасады. Қазақстандық командадан Жоау Пауло, Юг Станоев және Вячеслав Швырев голдарымен көзге түсті.

Жолдастық матч

“Қайрат” – “Зенит” – 3:4 (0:1)

Голдар: Пауло, 54, Станоев, 66, Швырев, 90+2 – Ерохин, 37, Кассьера, 51, Гонду, 73, 78.

“Қайрат” қазіргі таңда 32 ұпаймен Қазақстан чемпионатының көшбасшысы, екінші орында тұрған “Ақтөбеден” бір ұпай алда.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, “Қайрат”көшбасшысы Беларусь құрамасына Ұлттар Лигасы матчында жеңіс әкелді.