locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбеге» қатысты қауесеттерге жауап берді

Футбол 22 сәу 2025 05:51
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Қайрат Нұрдәулетов «Ақтөбеге» қатысты қауесеттерге жауап берді
ФОТО: KFF

Павлодарлық «Ертістің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов Игорь Леоновпен қош айтысқаннан кейін оның орнына «Ақтөбені» жаттықтыруы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Бұған дейін БАҚ өкілдері батысқазақстандық клубтың тізгінін ұстайтын үміткерлердің бірі ретінде Нұрдәулетовтің есімін атаған болатын.

Алайда маманның өзі бұл қауесеттерді жоққа шығарды. Оның айтуынша, ешкім хабарласып, ресми ұсыныс жасаған емес.

«Мен де бұл ақпаратты таңертең оқыдым. Әрине, өзіме деген қызығушылық болғаны қуантады. Бірақ ешқандай нақты ұсыныс болған жоқ, маған ешкім хабарласпады. Сондықтан бұл әңгімелерді жоққа шығара аламын», - деді Қайрат Нұрдәулетов «Тотальный футбол» Telegram арнасына берген пікірінде.

Қайрат Нұрдәулетов баптайтын «Ертіс» Қазақстан Бірінші лигасының жаңа маусымын сәтті бастап, алғашқы екі ойында жеңіске жетті. Қазір павлодарлық команда алты ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр. Келесі матчты «Ертіс» 25 сәуір күні «Қайрат-Жастарға» қарсы өткізеді.

21 сәуір күні «Ақтөбе» Игорь Леоновпен келісімшартты екі жақты келісім негізінде бұзғанын ресми түрде хабарлады. Қазіргі таңда команда Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде 10 ұпаймен 4-орында тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie