locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайрат мерзімінен бұрын QJ League турнирінің 2024 жылғы чемпионы атанды

Қайрат мерзімінен бұрын QJ League турнирінің 2024 жылғы чемпионы атанды

«Қайрат» - Freedom QJ League 2024 чемпионы!

Freedom QJ League турнирінің 17-ші турында 18 жасқа дейінгі «Қайрат» «Ақтау Каспий» командасын 8:0 есебімен сенімді жеңді. «Шахтер» сырт алаңда «Қайсармен» тең ойнаған соң, алматылық футболшылар мерзімінен бұрын турнир чемпионы атанды. Естеріңізге сала кетейік, кездесу 3:3 есебімен аяқталды.

17 кездесуден кейін «Қайраттың» еншісінде 47 ұпай бар. «Шахтер» 32 ұпаймен екінші орында, ал «Тараз» 30 ұпаймен үшінші орында.