locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

«Қайрат» аты аңызға айналған Юрген Клопп бапкермен кездесіп, Red Bull сессиясына қатысты

Футбол 24 сәу 2025 10:37
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайрат» Клопппен кездесті және Red Bull сессиясына қатысты
ФОТО: Қайрат ФК

Алматының «Қайрат» клубы халықаралық байланыстарын нығайтып, футболдық тәжірибесін байыта түсуде.Клубтың техникалық директоры Евгений Красиков Red Bull футбол тобы мен Еуропалық клубтар қауымдастығы (ECA) ұйымдастырған тәжірибе алмасу сессиясына қатысты.

Бұл шарадағы ең маңызды сәттердің бірі - Юрген Клопппен кездесу болды. Red Bull-дың жаһандық футбол директоры әрі ағылшынның «Ливерпуль» клубының бұрынғы бас бапкері ретінде танымал маман алматылық клубты 2024 жылғы чемпиондық атағымен құттықтап, алдағы Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңінде сәттілік тіледі.

«Ливерпуль», дортмундтық «Боруссия» және «Майнц» клубтарымен жоғары жетістіктерге жеткен Клопп қазіргі уақытта Red Bull-дың әлем бойынша футбол жобаларын үйлестіріп отыр. БАҚ-та тараған деректерге сүйенсек, ол әкімшілік қызметке толық бейімделе алмай, Бразилия құрамасы немесе мадридтік «Реал» секілді клубтардан ұсыныс түссе, бапкерлікке қайта оралуы мүмкін. Алайда әзірге нақты келіссөздер жүргізілген жоқ.

Өз кезегінде, «Қайрат» тек алаңда ғана емес, одан тыс жерде де беделін арттырып келеді. Жақын арада Алматыға УЕФА президенті Александр Чефериннің ресми сапары күтілуде. Ол клубтың иесі Қайрат Боранбаевтың арнайы шақыруымен келмек.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie