locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайрат форварды мерейтойлы матчын өткізді

KazSport.kz. Жоау Паулу

Алматылық Қайрат форварды Жоау Пауло клуб сапындағы мерейтойлы матчын өткізді, деп хабарлайды клубтың баспасөз

Хабарлағандай, Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында Астанаға қарсы өткен ойын 36 жастағы Жоау Паулоның Қайрат сапындағы 100-ші матчы болды

Алматылық клуб сапындағы алғашқы ойынын Жоау Пауло 2021 жылдың шілде айында талдықорғандық Жетісу командасына қарсы өткізген еді. Содан бері футболшы Қайрат сапында 43 гол соғып, 16 голдық пас берген. 2023 жылы Жоау Пауло бір маусымда 17 гол соғып Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергені атанды.