Қайрат Боранбаев Хан - Тенгри клубын сатып алуы мүмкін
Қайрат Боранбаев Қазақстанның Бірінші Лигасындағы “Хан Тенгри” клубын сатып алу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды AlatauFans. Клуб иесі 6 миллион еуро сұрауда, бірақ Қайрат Боранбаев 4 миллион төлеуге дайын екен.
Қайрат Боранбаев – қазақстандық бизнесмен және “Қайрат” футбол клубының президенті. Жақында Қайрат Боранбаев тағы бір жеке футбол командасын құрады деген ақпарат тараған болатын.
Жаңа клубтың атауы “Almaty United” болады және 2025 жылғы маусымнан бастап QFL екінші лигасында өз жолын бастайды деп күтілуде. Ал клубтың бас директоры болып бұрынғы “Қайрат” бас директоры, қазіргі уақытта Player Career Management футбол агенттігінің жетекшісі Марат Баймұқанов тағайындалады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52