Қайрат Боранбаев Дзюбаның Қайратқа ауысу мүмкіндігін бағалады
“Қайрат” футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев “Зенит”, “Спартак” және Ресей құрамасының 36 жастағы бұрынғы шабуылшысы Артём Дзюбаның алматылық клубқа ауысуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді.
“Дзюба туралы айтсам… Мен онымен бірнеше рет жеке сөйлестім. Біз бір-бірімізді бұрыннан танимыз. Бірде оған қалжыңдап: “Мансабыңды “Қайратта” аяқташы” деп айтқаным бар. Ол кезде ол “Зенитте” ойнап жүрген. Меніңше, ол — өз мінезі мен шеберлігімен командаға көшбасшы бола алатын ойыншы. Қазір де “Акрон” сапында өнер көрсетіп, мұны дәлелдеп жүр.
Ол Ресей чемпионатында бір рекордты жаңартқысы келетінін білемін. Оған бір-екі гол ғана жетпей тұр. Егер жағдай сәйкес келсе, біз бұл мәселені міндетті түрде қарастырамыз”, — деді Қайрат Советайұлы Qsport-қа берген сұхбатында.
Қазіргі таңда 35 жастағы Артём Дзюба Ресей Премьер-Лигасының “Акрон” клубында ойнап жүр. Биылғы маусымда ол 10 матчта 3 гол соғып, 3 нәтижелі пас авторы атанды.
Бокс
Бүгін 01:08