locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қайрат академиясы ұлттық турнирдегі жорығын аяқтады

Қайрат академиясы ұлттық турнирдегі жорығын аяқтады

Қайрат U16 командачы Морозов кубогында төртінші орын алды. Бұл туралы KazFootball хабарлады.

Қайрат жастары Зенитке үш жауапсыз гол соғып, ойсырата жеңді, оған қоса Беларусь жастарын 2:0 есебімен жеңді.

Алматылықтар бразилиялық Флуминенсе және Мексикалық Депортиво Гвадалахара клубтарына бірдей есеппен (0:1) жеңілді, оған қоса Ресей құрамасының жастарынан 0:3 есебімен қапы қалды.

Өткізген ойындардың нәтижесінде Қайрат төртінші орын алды. Турнир Ресейде өтті.

Естеріңізге сала кетсек, Қайраттың негізгі құрамы қазіргі уақытта 17 турда 32 ұпай жинап, ҚПЛ турнирлік кестесінде көшбасшы болып келуде.