Аймбетов командасы тең нәтижені ұстай алмады: соңғы минутта соғылған гол бәрін шешті
Дүйсенбі, 16 қыркүйекте Түркия Суперлигасының 5-ші туры аясында "Адана Демирспор" пен "Антальяспор" командалары арасында матч өтті - 1:2.
Антальядағы ойын нағыз драмамен аяқталды. 50-минутта "Антальяспор" шабуылшысы Сэм Ларссонның голы команданы алға шығарды. "Адана" есепті тек 84-минутта теңестірді, Салих Кавразлы ерекшеленді, бірақ алаң иелері жеңісті "жұлып" әкетті. 98-минутта Брайан Самудио "Антальяспорды" 2-1 есебімен алға шығарды.
Қазақстан құрамасы мен "Адана Демирспор" командасының шабуылшысы Абат Айымбетов матчқа қатыса алмады.
Айымбетов командасы ойнаған 5 турдан кейін соңғы 19-шы орында келеді. "Адана" еншісінде бір ғана ұпай бар. Келесі ойынды Микаэль Валканистің шәкірттері 22 қыркүйекте "Аланияспорға" қарсы ойнайды, матч Қазақстан уақыты бойынша сағат 22:00-де басталады.
⏹️ Maç sonucu#ANTvADS || @superlig pic.twitter.com/alKvoxaoZK
— Adana Demirspor (@AdsKulubu) September 16, 2024
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49