locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Айымбетов жарақаттан кейін алғаш рет Адана Демирспор сапында өнер көрсетті

ФОТО: Google

29 қыркүйекте Түркия Суперлигасы аясында өткен матчта Бодрум Адана Демирспорды 3:1 есебімен жеңді. Алаң иелері сапында Джордже Пушкаш дубль жасады, ал тағы бір голды Таулянт Сефери соқты. Қонақтар құрамынан Энди Гравийон дәлдік танытты.

Адана Демирспор сапында Абат Айымбетов бірінші таймда ойнап, содан кейін алмастырылды.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық ойыншы жарақатына байланысты екі матчқа қатыса алмаған еді.

Қазіргі уақытта Адана Демирспор Суперлигада 1 ұпаймен 19-орында тұр.

Аймбетов өнер көрсететін команда келесі матчты 6 қазанда Самсунспорға қарсы өткізеді.