Айымбетов ойнайтын команда Түркия суперлигасында «Кайсериспорға» қарсы ойында тағы да жеңіліске ұшырады


Футболдан Түркия чемпионатының 30-шы туры аясындағы ойында «Адана Демирспор» «Кайсериспорға» 0:2 есебімен есе жіберді. Аданада өткен ойын қонақтардың жылдам голымен басталды: 10-минутта Картал Йылмаз есеп ашты.
Екінші таймда, яғни 52-минутта Стефан Баокен «Кайсериспор» үшін есепті еселеді. Матчтың соңында 90+4-ші минутта Кайсериспордан Гөкхан Саздаги қызыл қағаз алып, командасын азшылықта қалдырды. Қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» сапында 83-минутта алаңға шықты.
Түркия Суперлигасы. 30-тур
«Адана Демирспор» – «Кайсериспор» – 0:2 (0:1)
Голдар: Йылмаз, 10 – Баокен, 52.
Осы ойыннан кейін Адана Демирспор 28 матчтан кейін минус екі ұпаймен турнир кестесінде соңғы, 19-шы орында тұр. «Кайсериспор» өз кезегінде 33 ұпаймен 13-орында.

Футбол
Бүгін 06:03
