Айдын ҚОЖАХМЕТ: "Қазақстанда жоғарғы деңгейдегі футболшылар аса көп емес"
Елордалық “Жеңістің” бас директоры Айдын Қожахмет QFL басылымына берген сұхбатында клубтың өткен маусымдағы нәтижелері және шетелдік ойыншылардың қазақ футболындағы рөлі туралы пікірімен бөлісті.
“Барлығы қарапайым. Қазақстанда жоғарғы деңгейдегі футболшылар аса көп емес. Сол себепті легионерлердің көмегіне жүгінеді. Біз оларды жақсы әрі сапалы түрде баулып, бәсекелестік ортаны қалыптастыруымыз қажет. Егер мықты футболшылармен жаттығып, бірге ойнасаң, деңгейдің жоғарлайтыны анық. Біз және «Елімай» командасы отандық футбол картасында біраз жыл болмады. «Қайрат» сынды өзіндік академиямыз, мектебіміз жоқ. Бірден жастарымызға иек арта алмаймыз. Өз шәкірттерімізді шығаруға уақыт қажет. Сондықтан басқа қалаға, елдерге қарауға мәжбүрміз. Мәжбүрлі шешім. Сөзімізге сеніңіз, біз елордалық футбол түлектерімен доп тебуді армандаймыз. Астана қаласының тұрғындары да бұл өз командасы екенін біліп, жергілікті түлектердің ойнайтынын білсе екен деймін. Болашақта солай болады”, - деді Айдын Қожахмет
Естеріңізге сала кетейік, елордалық клуб Премьер-лигаға оралғаннан кейін кестеде 10-шы орында табан тіреп, чемпионаттағы орнын сақтап қалды. Команда сонымен қатар жаңа турнир – Лига кубогының күміс жүлдегері атанды. Олар финалға дейін жетіп, “Астанадан” жеңіліп қалған болатын.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 13:13