Ахмат Магомед Адиевтің орнына тез арада адам тапты
Ресей чемпионатында жеті ойында жеңіске жетпегеннен кейін бас бапкер қызметінен босатылған Магомед Адиевтің орнына «Ахмат»жаңа бапкерді жылдам тапты тапты. Шешенстандық клуб жаңа бапкер болып Сергей Ташуев келгенін хабарлады.
Адиев 2024 жылдың көктемінде Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымымен «Ахмат» бас бапкері қызметін біріктіріп атқарды. Алайда жазда ол өзінің туған еліндегі жұмысына толықтай жұмылу үшін ұлттық құрамадан кетті.
Алайда, Адиев «Ахмат» табысқа жете алмай, бірқатар сәтсіздіктерден кейін жұмыстан босатылды. Клуб оның орнына команданы 2022-2023 жылдар аралығында басқарған Сергей Ташуевті тез арада қайтарды. Ташуевтің келісімшарты 2025/26 маусымының соңына дейін. Оның жетекшілігімен «Ахмат» 2022/23 маусымда РПЛ-да бесінші орынға табан тіреп, клуб тарихындағы үздік нәтижені қайталаған болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52