Ғафуржан Сүйімбаев мансабын аяқтады


Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Ғафуржан Сүйімбаев кәсіби мансабын аяқтағанын ресми түрде жариялады.
Бұл туралы 33 жастағы қорғаушы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Аллаға шүкір. Арманым орындалып, сүйікті ісіммен айналысу бақыты бұйырды. Футболдағы жылдарымда өмірімдегі ең жарқын сәттерді бастан өткердім. Көптеген тамаша адамдармен - бапкерлермен, менеджерлермен, командадағы серіктеріммен таныстым. Барлығыңызға алғыс айтамын, бұл сәттерді сағынатын боламын», - деп жазды Сүйімбаев.
Ғафуржан - шымкенттік «Ордабасы» клубының түлегі. Бұл команда сапында ол 192 матч өткізіп, 6 гол соғып, 9 нәтижелі пас берген. Клубпен бірге Қазақстан Кубогын және ел чемпионатын жеңіп алған.
Сонымен қатар, Сүйімбаев алматылық «Қайрат» клубында да ойнады. Мұнда ол ел чемпионы атанып, екі мәрте Қазақстан Кубогын иеленді. Кейінірек ол павлодарлық «Ертіс» пен «Ақсу» клубтарында өнер көрсетті.
Қазақстан ұлттық құрамасында Ғафуржан 2014 пен 2022 жылдар аралығында 42 ойын өткізіп, 4 гол соғып, 4 нәтижелі паспен көзге түсті.

Футбол
Бүгін 17:58


Футбол
Бүгін 17:16