Адиев төрешілерге тағылып жатқан сын бойынша: “Барлығы футбол алаңында шешіледі және көп даурығудың”
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бапкері Магомед Адиев Премьер-лига төрешілеріне тағылып жатқан сынға жауап берді
Барлығы футбол алаңында шешіледі деп ойлаймын, және көп даурығудың қажеті жоқ. Бұл қазірдің өзінде шуға ұласып кетті. Кез-келген адам қателесуі мүмкін. Егер сен де мықты клуб болса қандай жағдай болсын жеңіске жетуің керек. Егер бұл қателік әр турда жалғасса онда үлкен мәселе бар. Менің ойымша әр тур сайын төрешілер бір команданы аяқтан шалады деп ойламаймын. Егер сен жеңіліп жатырсаң эмоциялық тұрғыдан әлсіз боласың. Және төрешінің кез-келген шешімі саған қарсы болып көрінеді. Бірі аяқталған кезде сен ойынды бақылап қарасаң, төреші айтарлықтай қателік жібермегенін түсінесің, – деп хабарлайды Meta-ratings.kz сайты BorodAbata ютуб арнасына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Премьер-лиганың 18-турында өткен Елімай мен Қызылжар арасындағы ойынға петропавлдық клуб бапкері Али Алиев төрешілердің біліктілігіне күмәнмен қарайтынын жеткізген болатын.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52