Адиев: "Черчесов осы қиын ойындар арқылы Қазақстанды 2026 жылғы ӘЧ-ға іріктеуге дайындап жатыр"
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев ұлттық команданың қазіргі жаттықтырушысы Станислав Черчесовқа қолдау білдірді.
“Іріктеуге дайындалу керек, ал Ұлттар лигасы осыған ықпал етеді. Черчесов – өте білікті бапкер. 2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеуге дейін уақыт бар, ал келесі жылы футболшылардың, құраманың көшбасшыларының қандай формада болатыны белгісіз. Черчесов осы қиын ойындар арқылы Қазақстанды сол матчтарға дайындап жатыр”, – деді Адиев “Чемпионат” басылымына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Ұлттар лигасының төрт турынан кейін Қазақстан құрамасы бір ұпаймен В дивизионының үшінші тобының турнир кестесінің соңында тұр. 13 қазан, жексенбі күні Черчесовтың шәкірттері УЕФА Ұлттар лигасында қатарынан үшінші рет жеңіліске ұшырап, өз алаңында Словенияға 0:1 есебімен жол берді.
Футбол
Бүгін 13:47
Футбол
Бүгін 13:21
Хоккей
Бүгін 10:15