locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Адиев Қазақстан шабуылшылары жайлы:"Бізде Абат Аймбетов ұлттық құраманың деңгейін ұстап келеді"

 Адиев Қазақстан шабуылшылары жайлы:"Бізде Абат Аймбетов ұлттық құраманың деңгейін ұстап келеді"
ФОТО: KFF_team

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев қазақстандық шабуылшылардың нәтижелілігіне қатысты өз ойымен бөлісті.

“Бізде Абат Аймбетов ұлттық құраманың деңгейін ұстап келеді. Ал қалған шабуылшылардың ойынында тұрақтылық жетіспейді. Абылайхан Жұмабек - ұлттық құрама сапына шақырылған шабуылшы, бірақ әзірге өзін толықтай көрсете алмады. Айбар Жақсылықов - ерекше ойын мәнерімен танылған шабуылшы. Ол “Жетісу” сапында жарқырап, қазір де гол соғып жүр, алайда “Ордабасыда” өз ойынын жоғалтып алды. Ол қарсы шабуыл кезінде ойнайтын стильге жақын, қорғаушылардың артында бос кеңістікті қажет етеді және оның бастапқы жылдамдығы жоғары. Осы сипаттамаларына қарай, меніңше, оған қарымта шабуыл стильде ойнайтын команжа көбірек сәйкес келеді”, – деді Адиев QFL эфирінде.

Айта кетейік, Адиевтің жетекшілігімен Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне шығу үшін талпыныс жасады.

Қазақстан құрамасы қарашадағы ойындарға алғашқы дайындық жаттығуын бастады.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie