Адиев Актөбенің бас бапкері болмайды: маман Ресейге оралуға жақын


Бұрынғы Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев "Актөбе" клубында жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырып отырған жоқ.
Телеграм-канал "Серый cardinal" мәліметінше, маман Қазақстанға келгенімен, жергілікті командалармен ешқандай келіссөздер жүргізбеген. Одан бөлек, қолда бар ақпаратқа сәйкес, Адиев жуырда Ресейдің беделді клубтарының біріне бас бапкер болып тағайындалуы мүмкін.
Айта кетейік, ресейлік маман Қазақстандағы жұмысын 2021 жылы бастаған. Алдымен ол қарағандылық "Шахтерді" басқарды, кейіннен ұлттық құраманың тізгінін ұстады. Адиевтің соңғы жұмыс орны грозныйлық "Ахмат" болды.
Сондай-ақ оқыңыз: Уэльс – қауіпті қарсылас: ресейлік комментатор Қазақстан құрамасының болашақ оппонентін бағалады

Футзал
Бүгін 07:30

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42