locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Адейеми Чемпиондар Лигасының осы аптадағы үздік ойыншысы атанды

ФОТО:  UEFA

Дортмундтың “Боруссия” клубының шабуылшысы Карим Адейеми Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші аптасының ең үздік ойыншысы атанды. Ойыншы жанкүйерлердің дауыс беруі арқылы бұл жүлдеге ие болды. Бұл туралы УЕФА-ның ресми ресурсында хабарлады.

“Боруссия” шотландиялық “Селтикке” қарсы өткізген ойында 7:1 есебімен жеңіске жетті, ал Адейеми хет-трик авторы атанды.

Аптаның үздік ойыншысы атағына үміткерлер жарысында Адейеми “Ювентус” сапындағы Душан Влаховичті, “Интер” ойыншысы Мехди Таремиді және “Брест” өкілі Абдалла Симаны артта қалдырды.

Чемпиондар лигасында дортмундтық “Боруссияның” келесі қарсыласы мадридтік “Реал” болады, неміс клубы өткен жылғы турнирдің финалында Корольдік клубтан жеңіліске ұшырады. Матч Мадридте 2 қазанда өтеді, Астана уақыт бойынша 00:00-де басталады.