locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Абат Айымбетов Ресейде Магомед Адиевтің қол астында ойнауы мүмкін

Қазақ шабуылшысы РПЛ-ға оралуы ықтимал
Футбол 19 мау 2025 04:00
Абылай Сеитов
Абылай Сеитов
Журналист
Абат Айымбетов Ресейде Магомед Адиевтің қол астында ойнауы мүмкін
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық шабуылшы Абат Аймбетов қайтадан Ресей Премьер-лигасына оралуы мүмкін. Бұл туралы «Ностальгирующий зритель» Telegram-арнасы хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, Абатты жаңа ғана «Крылья Советов» клубын қабылдаған бұрынғы ұлттық құрама жаттықтырушысы Магомед Адиев Самараға шақырғысы келеді. Айта кетейік, Айымбетов бұған дейін де осы командада ойнаған, бірақ негізгі құрамнан орын таба алмаған болатын.

Өткен маусымда Түркияның Суперлигасында «Адана Демирспор» сапында 28 матч өткізіп, 5 гол соққан. Клуб маусым соңында екінші лигаға түсіп қалды. Команда жалпы 34 ғана гол соғып, Абат жиі алаңға қосалқы құрамнан шыққан.

Жанкүйерлер шабуылшының гол соғу шеберлігі жоғалмағанын, тіпті «Бешікташ» пен Дания құрамасының қақпасына гол салғанын еске салуда. Қазір «Крылья Советов» шабуылында Иван Сергеев басты күш болса, оны алмастыратын ойыншы жоқтың қасы. Сондықтан, Абат пен Магомед Адиевтің қайта қосылуы әбден мүмкін.

Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Дмитрий Шомко «Ертіс» клубына ауысуы мүмкін.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie