locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Абат Айымбетов көмектесе алмады: Адана Демирспор Самсунспорға есе жіберді

Абат Айымбетов көмектесе алмады: Адана Демирспор Самсунспорға есе жіберді

Түркия чемпионатының сегізінші турында “Адана Демирспор” өз алаңында “Самсунспорға” қарсы ойнап, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

7-минутта Юсуф Бараси пенальтиден есеп ашты. 59-минутта Арбнор Муджа таразы басын теңестіргенімен, ойынның қосымша уақытында “Самсунспор” екі гол соқты: 90+3-минутта Ландри Димата, ал 90+10-минутта Сонер Айдоду көзге түсті.

“Адана Демирспордың” қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов 65-минутта алаңға шығып, 79-минутта сары қағаз алды. “Адана Демирспор” сегіз турдан кейін небәрі бір ұпаймен турнир кестесінде 19 соңғы соңғы орнында келеді.