Абай облысы футбол федерациясының кеңесшісі Карповичті маусымның маңызды трансфері деп атады
Абай облысы Футбол федерациясының президентінің кеңесшісі Асқар Ұранхаев “Елімай” клубының қайта жаңғыруы мен Премьер-Лигаға оралғаннан кейінгі дебюттік маусымы туралы пікір білдірді.
“Премьер-Лигаға шыққаннан кейін біз ең алдымен жерлесіміз Андрей Карповичті шақыруды жөн көрдік. Бұл 2024 жылдың басты трансфері болуы тиіс деп санадық. Қазір Трансфермаркет маусым қорытындыларын жариялады, онда Андрей Владимирович маусымның үздік бапкері деп танылды. Оның алдына өте үлкен мақсат қойылды – чемпион болу. Бұл бастапқыда көпшілікке орындалмас идея сияқты көрінгенімен, клуб пен федерацияда биік міндеттерді жүзеге асыра алатын ұжым жиналды. Ал команда жеңіске жете бастағанда, стадионға көрермендер ағылды”, – деп атап өтті Ұранхаев Sport+ берген сұхбатында.
Айта кетейік, Андрей Карпович – “Елімайдың” түлегі. 1998-2000 жылдар аралығында ол семейлік команданың намысын қорғап, Қазақстан чемпионы атанған. “Елімайға” қайта оралғанға дейін ол алматылық “Қайрат”, көкшетаулық “Оқжетпес” және петропавлдық “Қызыл-Жар” клубтарында қызмет етті. Сондай-ақ, ол біраз уақыт Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды. Соңғы жылдары Карпович “Ақтөбе” командасын жаттықтырып, олармен бірге Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлделерін жеңіп алды.
Абай облысы футбол федерациясының кеңесшісі Жуковпен келіссөздер туралы айтты.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20