locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

А сериясының екінші турында Парма мен Удинезе күтпеген жеңіске жетті

А сериясының екінші турында Парма мен Удинезе күтпеген жеңіске жетті

“Парма” сенсациялық түрде Италия чемпионатының 2-турында өз алаңында “Миланды” жеңді. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды.

Алаң иелері ойынның екінші минутында-ақ қарсылас қапасына гол соқты, Денис Ман кездесудегі алғашқы гол авторы атанды. Паулу Фонсеканы командасы алға ұмтылып, есепті теңестіруге тырысты. Кристиан Пулишич 66-минутта қонақтардың жалғыз голын соғып, таблодағы есепті теңестірді. Бірақ, алаң иелері ойынды өз қолына алды, Маттео Канчеллери 77-минутта жеңісті гол соғып, қожайындарды алға шығарды. "Парма" үшін бұл маңызды үш ұпай А Сериясындағы орнын сақтап қалу үшін маусымның соңында үлкен рөл атқаруы мүмкін.

Осы жеңістің арқасында “Парма” төрт ұпаймен турнир кестесінде бірінші орынға көтерілсе, “Милан” қазір бір ұпаймен он алтыншы орында тұр.

«Лацио» Италия чемпионатының 2-туры аясында сырт алаңда «Удинезеден» ұтылды (1:2). Матчтың 5-минутында Флориан Товиннің пасынан Лоренцо Лукка гол соқты. Флориан Товиннің өзі (49) екінші таймның басында гол соғып, алаң иелерін есепте еселей түсті.

Алаң иелерінің сапында қорғаушы Хасан Камара ойынның 68-минутында екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Сандық артықшылыққа қарамастан, “Лацио” матч соңына дейін есепті теңестіре алмады. Ойын соңына қосылған 5-минутта ғана Густав Исаксен жұбаныш голын соқты.

Серия А. 2-тур. 24-тамыз.

«Парма» – «Милан» – 2:1

Голдар: Ман, 2, Канчельери, 77 – Пулишич, 66

Ескерту:Павлович, 34, Эмерсон, 88, Лофтус-Чик, 90+2

«Удинезе» – «Лацио» – 2:1

Голдар:Лукка, 5, Товен, 49 – Исаксен, 90+5

Ескерту: Джанетти, 32, Камара, 49, 68, Паэро, 62 – Романьоли, 80

Ойыннан қуылды: Камара, 68