2026 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу: Бразилия мен Аргентина Парагвай мен Колумбиядан жеңілді
10-11 қыркүйекке қараған түні АҚШ, Мексика және Канадада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу аясында CONMEBOL 8-ші тур өтті. Көшбасшылар Аргентина, Бразилия және Уругвай ұпайларын жоғалтты.
Бразилиялықтар Парагвай құрамасының қорғанысын "бұза" алмады, 0-1 есебімен ұтылды. Колумбия құрамасы Copa America 2024 финалында кеткен есені қайтарып , Аргентинаны 2-1 есебімен жеңді. Уругвай Венесуэламен 0-0 есебімен тең түсті, олар үш күн бұрын Боливия құрамасынан 0-4 есебімен жеңіліп қалған еді.
Парагвай – Бразилия – 1:0 (1:0)
Голдар: Гомес, 20 (1:0)
Венесуэла – Уругвай – 0:0 (0:0)
Голдар: жоқ
Эквадор – Перу – 1:0 (0:0)
Голдар: Валенсия, 54 (1:0)
Чили – Боливия – 1:2 (1:2)
Голдар: Алгараньяс, 13 (0:1); Варгас, 39 (1:1); Терсерос, 45 (1:2)
Колумбия – Аргентина-2:1 (1:0)
Голдар: Москера, 25 (1:0); Гонсалес, 48 (1:1); Хамес Родригес, 60 (пенальти, 2:1)
Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылы Әлем чемпионатына бұрынғыдай 32 құрама емес, 48 команда қатысады. Қазіргі уақытта әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде Парагвай мен Эквадор құрамалары бар. Аргентина, Колумбия, Уругвай, Бразилия және Венесуэла әзірге 2026 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама беретін орындарды алып тұр.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52