2024 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік сұрмергендері: маусымның қорытындысы
10 қарашада 2024 жылғы футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы, 26-тур ойындары өтті.
Алматылық “Қайрат” футбол клубы жаңа чемпион атанды. Келесі маусымда команда УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алу үшін күресетін болады. Биылғы маусымда Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергендер үштігіне Николай Сигневич (32 жас, Беларусь) - “Атырау” ФК, 24 матчта 10 гол (1 пенальтиден), Ислам Чесноков (24 жас, Қазақстан) - “Тобыл” ФК, 21 матчта 10 гол (2 пенальтиден) және Жоао Пауло (36 жас, Бразилия) - “Қайрат” ФК, 23 матчта 10 гол (1 пенальтиден) енді.
Маусымның үздік ассистенті Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген болды. “Ордабасы” командасының ойыншысы осы маусымда 7 нәтижелі пас берді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52