2010 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интер» мен «Барселона» кездесті. Ол ойындар қалай өткен еді?


30 сәуірден 1 мамырға қараған түні Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы «Барселона» мен «Интернационале» арасындағы алғашқы ойын өтеді.
Командалар еурокубоктың осы кезеңінде осыдан тура 15 жыл бұрын кездескен. Ол кезде Жозе Моуринью бастаған «Интер» «Джузеппе Меаццада» өткен алғашқы ойында Пеп Гвардиола командасын 3:1 есебімен жеңді. Жеңіске жеткен ойында Уэсли Снейдер, Майкон және Диего Милито гол соқса, «Барса» сапында Педро ерекшеленд3.
Олардан бөлек, матчқа Жулио Сезар, Дзанетти, Ибрагимович, Месси, Пуйоль, Дани Алвес, Хави, Бускетс сияқты аты аңызға айналған ойыншылар, сондай-ақ сол маусымда «Барсадан» «Интерге» ауысқан Самуэль Это'О қатысты.
Қарымта кездесуде каталондықтар Хави мен Пикенің арқасында бір ғана голды қайтара алып, турнирден шығып қалды. Ал «нерадзурри» финалда «Баварияны» ұтып, кубокка ие болды.
Ағымдағы жарыстағы жартылай финалдың алғашқы ойыны каталондықтардың өз алаңында, Барселонадағы «Олимпикода» өтеді. Матч алдында «Барселона» Испания Кубогының финалында «Реалды» қапы қалдырып , «Алтын хет-трик» үшін алғашқы кубокты жеңіп алды. Ал «Интер» өз кезегінде Кубоктың жартылай финалынан ұшып кетіп, бұл мүмкіндіктен айырылды.

Футбол
Бүгін 18:07

Футбол
Бүгін 17:27

Футбол
Бүгін 16:59