locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

18 жасар Эндрик өз тарапына көрсетілген сынға жауап берді

Фото: Реал Мадрид ФК

Ла Лига 2-ші туры аясында «Вальядолидке» қарсы өткен ойында Эндрик алғаш рет «Реал Мадрид» сапында ресми дебют жасады. Матчтан кейінгі сұқбатында 18 жастағы бразилиялық футболшы өзіне ғана емес, оның отбасына және сүйіктісіне де сын айтқан жанкүйерлерге өапалы екенін айтып, жауап берді.

Бәріміз өте қуаныштымыз. Бүгін мені отбасым қолдап отырды, біз осы жерде, «Бернабеу» стадионында 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Олар менің қаншалықты көп еңбектеніп, қаншалықты көп қиындық көргенімді біледі, олар менімен бірге сол қиындықтарды бастан кешті. Адамдар тек мені ғана емес, менің отбасымды және сүйіктімді де сынға алды... Біз көп нәрсені бірге өткердік, сондықтан дәл қазір осы сәтті сезіну - керемет»,-деді ол өз сұқбатында.

18 жасар Эндрик ойынды қосалқы құрамда бастады, бірақ соңғы минуттарда Килиан Мбаппені алмастырып алаңға шықты. Қосымша уақытта ол Браим Диастан пас алып, екі қорғаушыны алдап өтіп, оң аяғымен гол соқты. Айта кету керек, Эндрик «Реалдың» тарихында гол соққан ең жас шетелдік ойыншы атанды(18 жас. 35 күн).

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie