16 жасар грузин қорғаушысына Барса мен Реал таласуда
16 жастағы "Динамо" Тбилиси командасының сол жақ қорғаушысы Саба Харебашвили "Барселона" мен Мадридтің "Реал" клубтарының қызығушылығына ие болды, деп хабарлайды Diario AS.
Саба 15 жасында "Динамоның" негізгі құрамына қосылып, сенімді ойын үлгісін көрсетіп, керемет физикалық дайындығымен көзге түсті. Ол бірнеше жас ерекшеліктері бойынша рекордтарды жаңартты.
Биылғы маусымда Харебашвили 27 матч өткізіп, екі голдық пас берді. Transfermarkt порталы оны 300 мың еуроға бағалауда.
Сонымен қатар, мәлімет бойынша, "Динамо" Испаниямен байланысын нығайту мақсатында маңызды қадам жасады: олар испандық ұйыммен серіктестік орнатып, Барселонада өкілдік ашты. Бұл стратегиялық қадам жастарға Еуропада танымал болуға мүмкіндік туғызумен қатар, клубтың жергілікті таланттарды жетекші лигаларға экспорттау жоспарын көрсетеді.
Хоккей
Бүгін 01:50
Футбол
Бүгін 01:35