15 жылда алғаш рет Манчестер Юнайтед ойыншысы бір маусымда 3 рет алаңнан қуылды
26 желтоқсан күні Ағылшын Премьер-лигасының 18-ші турында “Вулверхэмптон” мен “Манчестер Юнайтед” арасында матч өтті. Кездесу 2:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
“Қызыл сойқандардың” капитаны екі сары қағаз алып алаңнан қуылды. Ол біріншісін 18-ші минутта айып алаңы маңында өрескел ереже бұзғаны үшін алса, екіншісін екінші таймның басында отандасы Нельсон Семедудың аяғын басып кеткені үшін алды.
Португал ойыншысы Неманья Видичтен кейінгі барлық жарыстарда бір маусымда үш рет алаңнан қуылған МЮ-дің алғашқы ойыншысы. “Юнайтедтің” бұрынғы қорғаушысы 2008/09 маусымында үш рет алаңнан қызыл қағаз алған болатын.
Айта кетейік, Фернандеш осы маусымға дейін мансабында тек 2 рет алаңнан қуылған және бірде-бір тікелей қызыл қағаз алған жоқ.
Футбол
Бүгін 04:02
Теннис
Бүгін 02:56
Футбол
Бүгін 02:28