locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

122 жылда алғаш рет: Аустрия құрамасы Қазақстанға ұзақ жол жүріп келеді

122 жылда алғаш рет: Аустрия құрамасы Қазақстанға ұзақ жол жүріп келеді
ФОТО: Getty images

Аустрия құрамасы өз тарихында алғаш рет 122 жыл ішінде осындай ұзақ сапарға Шығысқа аттанбақ.

“Ұлттар лигасындағы Қазақстанға қарсы матч үшін аустриялықтар Алматыға барады, ол Қытай шекарасынан шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл ұлттық құраманың 122 жылдық тарихындағы ең ұзақ шығысқа сапары болмақ”, - деп хабарлайды Sport.orf.at.

Ральф Рангниктің шәкірттерінің Вена қаласынан Алматыға ұшу уақыты шамамен жеті сағатты құрайды, ал кері сапар сегіз сағатқа созылады.

Қазақстан мен Аустрия арасындағы Ұлттар лигасы аясындағы матч 14 қарашада Қазақстан уақытымен 20:00-де өтеді. Матч аяқталған соң, Аустрия құрамасы бірден елге оралуға жолға шығып, орталық еуропалық уақыт бойынша таңғы төртте Венаға жетеді деп жоспарлануда.

Төрт турдан кейін Ұлттар лигасының В лигасы 3-тобында Аустрия жеті ұпаймен екінші орынды иеленуде, ал Қазақстан бір ұпаймен соңғы орында тұр.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie