Зульфия Ғабидуллина 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында жүзуден бесінші орын алды
Бокс
01 қыр 2024 13:46
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Зульфия Ғабидуллина 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында жүзуден бесінші орын алды
Парижде 2024 жылғы Паралимпиада ойындарында 150 метрге аралас жүзуден іріктеу жарысы өтті.
Қазақстан атынан жарысқа тәжірибелі спортшылардың бірі Зульфия Ғабидуллина қатысты. Жүзуден бірінші орынды ресейлік Наталья Бутакова иеленді, ол қашықтықты 2:55,71 нәтижемен бағындырды. Германиялық Джина Боетчер 2:58.49 көрсеткішпен екінші келді.
58 жастағы Ғабидуллина қашықтықты 3:52,40 секундта жүзіп, бесінші және соңғы орынды иеленді.
Еске салайық, 2016 жылы Ғабидуллина 100 метрге еркін жүзуде үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан тарихындағы алғашқы Параолимпиада алтынын жеңіп алған болатын
Танымал жаңалықтар
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52